<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
.     C               A
 Екі мың жылдай ертерек,
. D                  A
 Адам боп жерге келіпсің,
.   D            A
 Мойныңа алып күнәмді,
.     E7          A
 Мен үшін азап шегіпсің.

[V2]
 Көп күнә жасап мен білмей,
 Жүргенім саған мәлім-ді,
 Кітаптан таптым Інжілдей,
 Арайлап атқан таңымды.

[V3]
 Дүниеге Иса жарықсың,
 Мәңгілік өмір беретін.
 Айқышқа барып қағыпсың,
 Тозақты біздер көретін.

[V4]
 Мейірім шашқан көзіңнен,
 Құдайдың нұрын сеземін,
 Киелі Сенің Сөзіңнен,
 Күш-қуат алып келемін.

[V5]
 Кешігіп қалмай тұрғанда,
 Кешірімін тез алуға,
 Асыққын сен де, бауырым,
 Жұмақта мәңгі болуға.</lyrics>
<title>Екі мың жылдай ертерек ҮРәж49 Қак33 РӘЖ109</title>
<hymn_number>49</hymn_number>
<author>Әлімбеков Ғалымжан, Қызылбөріков Болат</author>
<key>A</key>
</song>